Сингапурлық инвесторларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктері таныстырылды

/uploads/thumbnail/20170708195539272_small.jpg

Сингапур қаласында әлеуетті сингапурлік инвесторларға Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіншіліктерін таныстыру бойынша роуд-шоу өтті. Бұл туралы "Қамшы" порталы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы елшілігі және Singapore Business Federation қолдауымен «KAZNEX INVEST»Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық делегацияны ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рақым Ошақбаев басқарып барды. Делегация құрамына ұлттық компаниялардың өкілдері, бірқатар облыстардың әкімдері, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА және «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның, сондай-ақ жеке компаниялардың өкілдері кірді. Сингапур тарапынан іс-шараға елдің жетекші компаниялары мен 100-ден аса ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сингапурдағы ҚР өкілі Ерлан-Баударбек-Қожатаев іс-шара қатысушыларын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, оның ішінде жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясатымен таныстырып өтті. Ол Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты қарқынды дамыған қатынасты және 2015 жылдың 16 шілдесінен бастап Сингапурмен визасыз режімді енгізгенін тілге тиек етіп, сингапурлық инвесторларды өзара ынтымақтастық қатынас орнатуға шақырды.

Рақым Ошақбаев сингапурлық инвесторларға инвестициялық артықшылықтарды жаңғырту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар  мен жаңа инвестициялар пакеті туралы айтып, Қазақстанның бизнес климатын таныстырды.

Әлеуетті инвесторларға сондай-ақ роуд-шоу аясында Қазақстанның агроөнеркәсіп, химия және мұнай химиясы саласындағы, машина жасаудағы, медициналық жабдықты өндіру, құрылыс материалдарын өндіру,  инфрақұрылым, көлік-логистикалық саласындағы инвестициялық мүмкіншіліктерді таныстырды.

Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рақым Ошақбаевпен Olam International Limited, Food Empire Holdings Limited, Changi Airports International Pte.Ltd., AMS Consultants, OOILAYLENG, Tommy Lim және басқа да ірі сингапурлік компаниялардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар