Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында шағын және орта бизнесті қолдауға 800 млн теңге бөлінді. Бұл туралы "Қамшы" порталы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Солтүстікқазақстандықтар негізінен жүк және жолаушылар тасымалы мен тағам өнімдері өндірісі саласындағы кәсіпорындарды ашады. Жұмыс істеп тұрған барлығы 32 мың бизнес субъектілері бар. Мемлекет еліміздің тауар өндірушілерін үнемі қолдап келеді. Жаңа экономикалық саясат жағдайында да өзінен бұл міндеттемені алған емес, жыл басынан бастап бағдарлама бойынша өңірдің 60-тан астам кәсіпкері жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге субсидия алды.
«Жаңа экономикалық саясат жағдайында бизнесті қолдау аса өзекті. Бағдарлама бұрынғыша әрекет етуде. Биыл оны іске асыруға өңірде 800 млн теңге бөлінді. Осы бағдарлама аясында 143 кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылды. Олардың 89-ы -субсидиялау. Бұдан басқа, осы бағдарлама аясында кепілдікті қамтамасыз ету болмаған немесе жетпеген кезде де кредитке кепілдік беріледі. Биыл сомасы 671 млн. теңгеге 46 кепіл берілді», - деп хабарлады СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Құралай Жарова.
Сондай-ақ биыл өңірдің 6 кәсіпкері өз инновациялық жобаларын іске асыруға грант алды. Оларға жалпы сомасы 10 млн теңге бөлінді.
Пікір қалдыру