Бөлтіріктерге аяусыздық танытқандар қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170708195540525_small.jpeg

Әлеуметтік желі пайдаланушылардың  есінде болар,  жаздың шілде айында  үш ер адам қасқырдың бөлтіріктерін аяусыз қырып жатқан видеосы шыққан болатын. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Табиғатты қорғау полициясы  бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдарды тапты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Жамбыл  облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұсталған  екі тұрғынның бірінің жасы  19-да, ал екіншісі  22 жаста. Тергеу барысында олар кінәларын мойындаған. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Баспасөз қызметіндегілер  оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін (500 АЕК - шамамен 1 миллион теңге) немесе тоқсан күнге дейін қамауға алынады деп мәлімдеме берген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар