Министрлік елдегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді

/image/2022/01/19/crop-131_8_1045x1394_054006480500.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 13 874 адамнан коронавирус, 187 адамнан пневмония анықталған. 17 қаңтарда 10 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

19 қаңтардағы мәлімет бойынша, 97 145 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 795 пациент стационарда, 89 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 305 адамның жағдайы ауыр, 80 пациенттің жағдайы өте ауыр, 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Түркістан облысы "Сары" аймақта.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 082 930 адам вакцинаның I компонентін, 8 643 043 адам II компонентін салдырған.

2022 жылғы 19 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда PFIZER вакцинасының I компонентін 482 873 адам, II компонентін 250 158 адам салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар