БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова 24 қаңтардан кейінгі оқу форматына қатысты өзгерістер туралы айтты.
– Біріншіден балабақшалар, мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде, ата-ананың өтініші негізінде өз жұмысын қалыпты жалғастыра береді. Егер мектептегі оқушылардың жалпы саны 600-ге дейін болса штаттық режимде жұмыс істейді. Ал, мектептің контингенті 600-ден артық болса 1 ауысымда мектептің жобалық қуатының 50 пайызын қамтитын толымдылықпен штаттық форматта оқи алады. Бұл жерде басымдық бастауыш сыныптарға беріледі (1-4сыныптар). Өйткені бастауыш сынып оқушыларына онлайн форматтағы платформаларды қолдану қиындық туғызады. Ал, халықаралық мектептерде 1-6 сыныптарға штаттық режимде оқуға басымдық беріледі. Басқа сыныптар толымдылығына орай оқуды жалғастырады, – деді Сапура Төлекова.
5-11 сынып оқушыларына қатысты мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың балаларды штаттық форматта оқытуға, ауысымдар мен кіші ауысымдардың жұмысын ұйымдастыруға, кейбір пәндер бойынша оқытуды қашықтан оқыту форматына ауыстыруға деген ынтасын ескеру ұсынылады.
Пікір қалдыру