Индонезияда жолаушылар ұшағы жоғалып кетті. Әуе кемесінде 7 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі болған. Лайнер аталмыш елдің Оңтүстік Сулавеси провинциясының аумағынан өтіп бара жатқан кезде радар экранынан көрінбей қалған. Бұл туралы Индонезяның Көлік министрлігі баспасөз хатшысы мәлімдеген. Байланыс ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін 7 минутта үзілген. Қазіргі уақытта әуе кемесін іздеуге арнайы құтқару тобы жіберілді.
Пікір қалдыру