7 мемлекеттің президенттері Ресейді Сириядағы операцияларды тоқтатуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170708195544028_small.jpg

Сириядағы Ресей қарулы күштерінің шабуылынан кейін 7 бірдей  мемлекеттің президенттері Ресейді  әскери операцияларды тоқтатуға шақырған. Бұл туралы «Қамшы» порталы lifenews.ru-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Франция, Германия, Катар, Сауд Арабиясы, Түркия, Ұлыбритания және АҚШ Ресей қарулы күштерінің шабуылдары бейбіт тұрғындардың өмірін қиюда деп есептейді.

Кеше Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Давутоглы  Түркия және оны қолдаушы алты мемлекеттің атынан  Сириядағы соғысты тоқтату туралы мәлімдеме жасаған.

Жеті бірдей мемлекеттің атынан әзірленген ресми құжатта Сирия территориясындағы РФ Қарулы күштерінің шабуылдарына қатысты қарсылық білдірілген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы әскери операция жүргізіп жатқан Кама, Хомса және Идлиба аудандарында бейбіт тұрғындар қаза тапқан.

«Бұл әскери іс-қимылдар мәселені ушықтырып, экстримизм мен радикализмнің өршуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан біз Ресейдің соғысты тоқтатуын талап етеміз. Біз Ресей әскерінің Сирия оппозициясына және бейбіт тұрғындарға жасап жатқан шабуылдарын тоқтатып, ИМ-ге қарсы күресуін сұраймыз» делінген.

 «Қамшы» сілтейді

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар