Ауғандық бомбалаудың салдарынан MSF медициналық қызметкерлері қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708195543359_small.jpg

Құндыз қаласында талибандықтардың бомбалауы салдарынан MSF медициналық қайырымдылық көрсету ұйымының 3 қызметшісі қаза тапты. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.

Тағы 30 адам хабар-ошарсыз жоғалған. НАТО-ның хабарлауынша, АҚШ-тың ауғандықтарға көмек ретінде жіберген әуе шабуылының нәтижесінде қала маңында болған медициналық ұйым зардап шеккен болуы мүмкін.

Айта кетейік, талибандықтар қалаға осы аптаның басында шабуыл жасаған болатын. Бұл туралы «Қамшы» порталы алдыңғы жаңалықтарында жазған болатын

MSF дәрігерлерінің берген ақпараты бойынша, сенбі күні түнде, жергілікті уақыт бойынша 02:10-нан бастап клиника бомбалауға бірнеше рет душар болған.

НАТО-ның мәлімдемесінде «АҚШ әскері Құндыз қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі 02:15-те қарсылас топқа әуеден жаппай ереуіл соққы жасаған. Өкінішке орай, сол шабуыл жақын маңда орналасқан клиника мүшелерінің құрбан болуының себебі болуы мүмкін», - делінген.

Сонымен қатар НАТО-лықтар болған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Бұл жағдай барлығымызды үлкен күйзеліске душар етті. Бұл тек клиника үшін ғана емес, жалпы Денсаулық сақтау саласы үшін үлкен қайғы болып отыр», - деген болатын MSF директоры Барт Янссенс.

НАТО әуе ұшақтары қаланы жақын күндері қайтару үшін күресуде. Талибандық бүлікшілердің біразы перифириялық аймақтарға жіберілгенімен, әуежай маңында әліге дейін қанды соғыс жүріп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар