Білім министрлігі студенттердің стипендиясы тағы да өсетінін мәлімдеді

/image/2022/01/24/crop-107_17_1087x1449_kak-kazahstanskim-studentam-proshche-popast-v-rossiyu.jpg

Білім және ғылым министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетінін хабарлады.

Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, бакалаврларда оқитындардікі – 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда оқитындардікі – 15%-ға артады.

Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскенін болатын (15% және 20%). 
– Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар – 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы – 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы – 195 000 теңгеге дейін өседі, – деді. БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар