Ажар Ғиният карантин шараларына қатысты мәлімдеме жасады

/image/2022/01/25/crop-229_31_634x845_050958923700.jpg

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында бизнес объектілеріне "Ashyq" жобасын одан әрі енгізу жалғастырылатынын және бірқатар шектеулер алынып тасталғанын мәлімдеді.

–  "Жасыл" және "көк" статусы бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық нысанда жұмыс уақыты бойынша шектеу алынып тасталды. Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан "Ashyq"-та тек "жасыл" мәртебесін пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар еш шектеулерсіз өткізіледі. Спорт кешендері, сауықтыру және діни объектілер, ойын-сауық нысандары, сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды, – деді А. Ғиният.

Министрдің сөзінше, эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан "көк" мәртебесі бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, "Қазпошта" бөлімшелеріне, банктерге, асхана түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі.

– "Көк" статусы бар адамдарға кіруге рұқсат берілген бірқатар объект үшін "жасыл" аймақта шектеулер алынып тасталды. "Сары" аймақта 70 пайызға дейін, "қызыл" аймақта 60 пайызға дейін және мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін сауда, және ойын-сауық орындары бойынша толымдылық ұлғайтылды, – деді министр.

Жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімін қысқартылды.

– Сонымен, жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады, – деп атап өтті Ажар Ғиният үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар