Тоқаев неліктен ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

/image/2022/01/29/crop-98_10_783x1044_news_full164346515386fafc4be7b27b5224c3d91938114d4e.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында Қаңтар оқиғасы кезінде шеруге шыққандардың ішінде Алматыға шабуыл жасаған бүлікшілер мигрант ретінде елге ұшып келгенін және не үшін ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты.

– Бұл адамдар материалдық құндылықтарға қызықпаған. Олар әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарды басқарды. Олар қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты құжаттарға қызығушылық танытты. Бұл - мұқият жоспарланған әрекет. Сырттан келген содырларды тарта отырып, басқыншылық әрекет жасалды.

Содырлар әуежайды басып алу әрекетін ұйымдастырғанын байқаған боларсыздар. Қазір тергеу нәтижесі Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың әуежей арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Олар - оқытылған жауынгерлер. Жұмысшы атын жамылып, шекара арқылы қалаға кіріп, операцияны басқарған, – деді Тоқаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.

Президент өзінің ескертусіз оқ атуға бұйрық беруі туралы да түсіндіріп өтті.

– Құқық қорғау органдары әрекетінің бірыңғай алгоритмі болмады. Басшылар жауапкершілікті алуға қорықты. Көпшілікке мәлімдеме жасамас бұрын мен қарулы қарақшыларға ескертусіз оқ ату керектігін айттым. Жауапкершілікті өз мойныма алдым, – деді мемлекет басшысы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар