Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Дубайда жүр. Бұл туралы ҚазТАГ сайты хабарлады.
Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, депутат Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында.
Назарбаева қаңтардағы халық наразылығы басталғалы мәжіліске келмеген. Ресми нұсқа бойынша ол коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр.
Сонымен қатар, депутат 28 қаңтарда өткен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезіне де қатыспады. Артынша оның партия саяси кеңесінен шығарылғаны белгілі болды.
Пікір қалдыру