ҰБТ тапсырушылар енді екі камерамен бақыланады

/image/2022/02/03/crop-6_44_666x1185_606ad5e38d333660098550.jpg
 
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиынында енді ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тапсырушыны екі камера бақылайтынын мәлім етті.
 
– Биыл қауіпсіздікті, ашықтықты, тестілеуді әділ өткізуді қамтамасыз ету үшін жаңа элементтер енгізіледі. Жаңашылдықтың бірі ретінде қосымша камералар орнатылмақ. Ол тұлғаны идентификациялау үшін қажет. Бұл тестілеуді бастаған да, аяқтаған да, белгіленген уақыт бойы компьютер алдында тек бір адам отырғанына сенімді бола түсуіміз үшін жасалғалы жатыр, – деді ол.
 
Министр сондай-ақ бір апта ішінде сынама тесттердің бағасын екі есе төмендетуді тапсырды. Қазір оның құны 2917 теңгені құрайды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар