Президент заңсыз шетел асқан қаржыны қайтаруға қатысты үкіметке шектеулі уақыт берді

/image/2022/02/08/crop-4_48_444x789_photo_2020-02-16_13-50-45.jpg

Президент Қ.Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақша ағынын қайтаруға ниетті. Сондай-ақ сол қаржыға алынған активтердің де жайын қозғай кетті.

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мәселені пысықтау үшін үкіметке нақты талап қойды.

– Үкіметке елдең заңсыз шығарылған қаржыны және сол қаржыға алынған активтерді қайтару бойынша ұсыныстарды әзірлеуге екі ай мерзім беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Ұлыбритания парламенті шетелде активтері бар делінетін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары мен жақын адамдарына санкция салу мәселесін қарастырған. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар