Дариға Назарбаева отставкаға кетуге тиіс – Айдос Сарым

/image/2022/02/10/crop-14_3_272x484_081124487900.jpg

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзінің әріптесі, депутат, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева отставкаға кетуі керек деп санайды. Бұл туралы КазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.

 

"Қалыптасқан жағдайға байланысты адам ретінде, азамат ретінде ол отставкаға өтініш білдіруі керек" деген ол Дариға Назарбаеваға сенімсіздік танытатынын жеткізді.

 

Дариға Назарбаева қаңтардағы халық наразылығынан бері мәжілістегі жиындарға келген жоқ. Қаңтардың басынан бері көпшілік алдына да шықпады. Ресми ақпарат бойынша ол ақысыз демалыста. Коронавирус жұқтырып, Алматыдағы үйінде емделіп жатыр. Бейресми ақпараттарды ол Дубайда екені айтылады. Ол 28 қаңтарда NurOtan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар