Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті және мемлекеттік бапкер қызметінен кету туралы өтініш білдіргенін растады.
– Мен отставкаға кететінімді растаймын. Бірақ себебін әзірге айта алмаймын, – деді Артаев.
Осыдан екі күн бұрын Бақтияр Артаев әлеуметтік желідегі парақшасында қылмыс әлемінде "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің істі болып жатқанына қатысты жазба жариялап, оған қолдау білдірген.
Сонымен қатар ол Жұмагелдиев пандемия кезінде қазақстандықтарға көмектескенін атап өтті.
Пікір қалдыру