Сұлтан Бейбарыс тұрғызған Мысырдағы көне мешіт қайта қалпына келтіріледі

/image/2022/02/14/crop-47_199_648x1152_5aab6c73-2689-4d79-85f3-28deb64ec14b.jpeg

Мысыр астанасы Каирдегі көлемі жағынан үшінші орын алатын сұлтан Бейбарыс тұрғызған көне мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары жанданады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғар мәлім етті.

"Мысыр Араб Республикасының Уақып істері министрлігінің ұйымдастыруымен Каир қаласында өтіп жатқан "Азаматтық бірігейлілік және оның қоғамдағы қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі" атты 32-ші халықаралық конференция жұмысы аясында Уақып істері министрі және Ислам істері жөніндегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы, профессор Мұхтар Жұма мырзамен кездестім.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мысыр арасындағы рухани, тарихи, ғылыми, мәдени қарым-қатынастар жөнінде сөйлестік.

Каирдегі көлемі жағынан 3-ші орын алатын сұлтан Бейбарыс бабамыз тұрғызған көне мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары ұзақ жылдар созылып келген. Осыған орай, министр Мұхтар Жұма Бейбарыс мешіттінің қайта жөндеу жұмыстарын жалғастыруға Уақып министірлігінің шотынан 2 000 000 доллор қаражат бөлгенін жеткізді.

Құдай қаласа, Бабамыздың мешітін жөндеу 2023 жылы бастапқы қалпына келтіріліп, зиярат етушілердің көзайымына айналатынына сенім білдірді" деп жазды Ершат Оңғар facebook парақшасында

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар