Ресейдің Сириядағы әскери операциясы қарқынды түрде белең алуымен ғана емес, өзінің мақсаттарымен де таңқалдыруда. Жауабы жоқ көптеген сұрақтарға ЕО-дағы Ресей өкілі Владимир Чижов жауап берді.
Евроньюс: Ресейдің Сирияға қатысты мақсаты қандай?
Владимир Чижов: Мұны өзгелер қалай атаса да Ресей ИЛИМ мен Да’эш тарапынан болған террористік қауіптерге қарсы күреске қатысуға ниетті екенін айтқан болатын. Ресей Сирияға жай ғана көмек көрсетіп жатқан жоқ. Террористер құрамында Ресей және өзге ТМД мемлекеттерінің 2 мыңға жуық азаматы бар. Біз ол адамдардың жеңіске жетіп, Отанына оралғанын қаламаймыз.
ЕН: Сириялық қақтығыстың жалғасып жатқанына төрт жылға жуық уақыт болды. Неге дәл қазір күреске қатысу туралы шешім қабылданды?
ВЧ: Сириядағы жағдай Сирияның өзі үшін ғана емес, жалпы қиыр Шығыс аймағы үшін қауіпті бола бастады. Біз халықаралық құқыққа сәйкес іске араласуымыз керек деп шештік.
ЕН: Бірақ операция масштабы таңдай қақтырады. Ресей тарапынан 20 шабуылдаушы ұшақ, танктер, бронетранспортерлар және өзге де заманауи әскери жабдықтар қатысуда. Бұл сонда Үшінші дүниежүзілік соғыс па?
ВЧ: Жоқ, Сириядағы жағдайды Үшінші дүниежүзілік соғыс деуден аулақпын. Ресейдің аталмыш аймақтағы әскери құралдары өзге қатысушы елдердің қаруымен салыстырғанда түк емес.
ЕН: Әлде Ресей Қиыр Шығыстан плацдармға ие болғысы келе ме?
ВЧ: Бұл өзге елге шабуыл жасауға даярлық жүргізетін аймақ құру туралы мәселе емес. Әрине, біздің Қиыр Шығыста тек дипломатиялық және саяси мақсатта болатынымыз даусыз. Бірақ, әскери қажеттілік туатын жағдайда халықаралық құқық негізінде іске кірісеміз.
ЕН: Демек, операция аяқталған мезетте Сириядан кетесіздер ме?
ВЧ: Бұл операцияның қанша уақытқа созылатынын мен білмеймін. Дегенмен, аталмыш аймақтың Ресей әскеріне қажеттілігі жоғалған жағдайда, біз әскери бюджетті қолданудың басқа жолын табамыз.
ЕН: Бұл қажеттілік қандай жағдайда жоғалуы мүмкін?
ВЧ: Террористік қауіп-қатер жойылып, заманда бейбітшілік пен тұрақтылық орнағанда ғана!
ЕН: Батыс БАҚ-тарында Ресейдің ИЛИМ-ге емес, Башара әл-Асадтың билігіне қарсы шыққан көтерілісші топтарға шабуыл жасап жатқаны туралы жазылуда…
ВЧ: Ресейлік әскер ИЛИМ және ИЛИМ-мен байланысты Джаб әл-Нұсра іспетті террористік топтарға қарсы соққы жасауда.
ЕН: Сириядағы өз әрекеттеріңізді, Францияны қоспағаннның өзінде, АҚШ әскери операциялармен қалай сәйкестендіріп отырасыздар?..
ВЧ: Біз бір-бірімізді ақпараттандырамыз.
ЕН: Сириядағы соғысты тоқтату үшін саяси процесс бастап үлгердіңіздер ме?
ВЧ: Шын мәнінде, бұл сириялық саяси процесс болуға міндетті. Бұл туралы 2012 жылдың қаңтар айында ірі державалар өзара келіскен болатын. Біз делдал рөлін атқармаймыз. Бір-бірімен тікелей байланысқа шығуға көмектесетін алаңмен қамтамасыз етеміз.
Дереккөз: euronews.com
Назгүл Назар
Пікір қалдыру