Қырғыз депутаты: Қыздарым “Балапанды” көріп қазақша үйреніп алды

/image/2022/02/18/crop-14_5_547x972_1290179.332f53848767c0fb2241482e3e5e0852.jpg

Қырғыз Жогорку Кенеш депутаты Нұржігіт Қадырбеков қырғыз тілінің қолданысын арттыру үшін бүлдіршіндерге арналған жергілікті телеарнаны толықтай қырғызшаға көшіру мәселесін көтерді. Бұл туралы kaktus.media басылымы жазды.   

Ол тек қазақша хабар тарататын қазақстандық "Балапан" телеарнасын көретін қыздары қазақша үйреніп алғанын айтады.

"Ал біздің "Баластан" жартылай орысша хабар таратады. Сондықтан балалар мемлекеттік тілді үйренуі үшін арнаны толықтай қырғыз тіліне көшіру керек" дейді ол.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар