Қостанайда психолог балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлаған. Іс сотқа жетті

/image/2022/02/18/crop-65_5_364x648_psikholog-chernyy-berkut.png

Қостанайда балалар үйінің тәрбиеленушісін жазғы лагерьде зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлады Тоболинфо сайты.

"Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деп айыпталған педагог-психолог Фархад Турдиевке қатысты қылмыстық іс қаралуда" делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың тамызында Рудный балалар үйінің тәрбиеленушісі зорланғанын БАҚ беттерінде хабарланған. Бұл оқиға балалар жазғы демалысын өткізген лагерьде болған. Кейіннен полиция департаменті аталған істі ресми түрде растап, тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлаған. Ақыры іс сотқа дейін жетіп, процесс жабық режимде жүріп жатыр.

Фархад Турдиев Рудныйдағы балалар үйінде 10 жылдан астам жұмыс істеген. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға арналған "Қара бүркіт" колониясы деп аталып кеткен 161/3 мекемесінде психолог болып жұмыс істеген.

– Бұл факт біздің төбемізден жай түскендей әсер етті. Сот бұл істі шешеді деп үміттенеміз. Ал негізінде мұғалім жақсы болған, қиын жасөспірімдермен де жұмыс істеді. Болған оқиғаны болжайтын ешқандай да жайттар болған жоқ. Тіпті не айтарымды білмеймін, – деп балалар үйінің директоры Павель Коваль

Тұрдиевке Қылмыстық Кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша айып тағылған.

Басылымның хабарлауынша, жәбірленуші зорлау туралы арызынан кейін Рудный балалар үйінен шығып, қазіргі таңда колледжде оқып жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар