Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 483 адамнан коронавирус анықталған. 20 ақпанда 2 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмды.
22 ақпандағы мәлімет бойынша, 30 846 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 198 пациент стационарда, 26 648 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 230 адамның жағдайы ауыр, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр, 85 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "Қызыл" аймақта Алматы қаласы,Солтүстік Қазақстан облысы тұр.
Қостанай, Павлодар облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
22 ақпандағы мәлімет бойынша 9 355 368 адам вакцинаның I компонентін, 8 941 123 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру