АҚШ Ресейге кең ауқымды санкциялар салды. "Біз Ресей үкіметін Батыстың қаржыландыруынан ажыраттық" деді АҚШ президенті Джо Байден.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донбассқа әскер жіберуге рұқсат берген. Байден мұны "Ресейдің Украинаға басып кіруінің басталуы" деп атаған.
Ресей Донбасстағы Донецк пен Луганск сепаратистік республикалардың тәуелсіздігін деп мойындады. Киев бұл әрекетті "Украинаның егемендігіне қол сұғу" деп мәлімдеді.
BBC ақпаратына сәйкес, Батыс елдері Ресей әрекетін ірі шабуыл үшін сылтау ретінде қарастырады.
Дүйсенбіде Путин Донецк пен Луганск аймақтарына әскер кіргізетінін мәлімдеп, оны "бейбітшілікті сақтау" деп түсіндірген. Бұны АҚШ "нонсенс" деп атады.
"Соңғы 24 сағаттағы спутниктік суреттер Ресейдің батысында жаңа әскер мен техниканың орналастырылғанын және Украина шекарасына жақын Белорусьтегі аэродромда 100-ден астам көлік болғанын көрсетті" деп хабарлады АҚШ ғарыштық технологиялар компаниясы "Maxar".
Ресей Украинаның шығысына қосымша әскер жібергенін растамады да, терістемеді де.
Пікір қалдыру