Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің баласы Қайрат Нұрқаділов әкесінің оппозициялық жолға түскенін айыптауға көндіруге, оның өтемі ретінде үлкен қызмет пен ақша ұсынуға тырысқандар болғанын мәлім етті.
– 17 жылда талай нәрсе болды. "Қайрат біз журналистерді шақырайық, сен Назарбаев туралы жақсылап тұрып айт. Әкең туралы сұраса, "әкем қателесіп еді", "Назарбаевтың жолы дұрыс" деп айт. Біз ертең оны газетке, телевидениеге шығарып, Назарбаевтың алдына қоямыз, керек болса, сен Алматының әкімі боласың. Содан бастайық, сен жұмыс істей аласың. Миллионер болып шығасың. 5 жыл жетеді, 5 жылдан кейін бәрін жабасың да, шетелге ұшып кетесің. Әкең Назарбаевқа (қарсы - ред) шыққанда сендерді ойламады ғой. Көлігіңе қанша жыл болды? Бизнесте жылына екі көлік ауыстырады" деп айтты ғой. Екі-ақ интервью. Бірі телевидениеге, бірі газетке. Оны айтқандар ендігі шетелге кетіп қалды. Мен келіспедім, – дейді ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.
Заманбек Нұрқаділов 2004 жылы Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевты өткір сынай бастағанда Төтенше жағдайлар министрі қызметінен алынады. Баласы Қайрат Нұрқаділовтің сөзінше, ол да жұмыссыз қалып, бизнесі жүрмеген.
Қайрат Нұрқаділов әкесі өмірден өтер алдында Алматы қаласының басшылығына Иманғали Тасмағамбетов тағайындалып, онымен кездейсоқ кездесіп қалғанын, сол кезде Алматы әкімі әкесі оппозицияда жүргеніне қарамастан, өзін қалалық құрылыс департаменті басшысының орынбасары етіп жұмысқа алғанын айтады.
Сондай-ақ ол әкесі өмірден өткен соң қонақасы, қырқы, асы секілді барлық рәсімдерді Тасмағамбетов атқарып бергенін атап өтті.
Қайрат Нұрқаділов Алматы қаласын Ахметжан Есімов басқарып тұрғанда тұрғын-үй басқармасына басшы болып тағайындалады.
"Неге ол жерге отырғызды дегенде, ол жердің жұмысы өзі от. Біреуден ақша алдың ба, бірден түрмеге кетесің. Менің алдымда екеуін қамады ғой" дейді ол.
Бұл қызметті ол Бауыржан Байбектің тұсында да жасап, онымен бір жыл жұмыс істеді. Өзінің сөзінше, осы бір жылда Байбек оны, тұрғын-үй басқармасының басшысы ретінде бірде-бір рет қабылдамаған. Қабылдауды мәселеден хабары жоқ жас орынбасарына тапсырған. Бір жылдан кейін, әкімшілікте басқа салаға ауысуға мүмкіндігі болмаған соң, қызметінен кеткен. Кетер алдында Бауыржан Байбек прокуратура жіберіп, оның жұмысын тексертіп, заң бұзушылықтар таба алмаған.
Қайрат Нұрқаділов Алматы әкімдігінен қызметтен кеткеннен кейін марқұм әкесінің таныстары Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовқа Қапшағай қаласына әкім етіп жұмысқа ал деп барғанын жеткізді.
"Баталов Қайрат фамиялиясын ауыстырса, аламын деді. Ол жігіт менің шешемнің қолынан шәй ішкен адам, солай деп отыр. Ол кезде Нұрқаділов деген фамилиядан бәрі қорқатын" дейді.
Оқи отыррыңыз:
♦ Қайрат Нұрқаділов әкесі "суицид жасады" дегенге келіспесе, өзін өлтіреміз деп қорқытқанын мәлімдеді
♦ Назарбаев 60 жасқа толғанда әкімдер 1 миллион доллардан жинап берді – Қайрат Нұрқаділов
Пікір қалдыру