Үкімет шаруаларға 421 мың тонна жанармайды жеңілдікпен үлестірді

/uploads/thumbnail/20170708195616990_small.jpg

 

Бүгін Үкімет үйіндегі отырыстан соң, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев еліміздің шаруаларын қолдау мақсатында Үкімет 421 мың тонна жанар-жағармайды жеңілдетілген бағамен үлестіргендігін айтты. Бұл туралы Қамшы порталы Baq.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

- Ел экономикасының тұрақтылығын сақтауда және халықтың әл-ауқатының жақсаруына орасан зор септігін тигізетіндіктен ел Үкіметі қазіргі таңда отандық шаруаларға мүмкіндігінше көмек қолын созып келеді. Тіпті, осы мақсатта бүгінгі күнге дейін 60 млрд теңгеге жуық қаржылай қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 421 мың тонна жанар-жағармай өнімдерін үлестірді, - деді Бақытжан Әбдірұлы.

Сонымен қатар, брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген Үкімет мүшелері ағымдағы жылда күзгі жиын-терім уақытылы әрі табысты аяқталады деп жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті.

- Өздеріңіз білесіздер биыл елімізде көктемгі мезгілдің кешеуілдеп келуіне орай, егін егу науқаны да жылдағы кезеңмен сәйкес бастала қоймады. Осыған орай, біздің жиын-терім науқанымыз да әдеттегі мерзімде аяқталады дей алмаймыз. Алайда, ендігі үмітіміз ауа-райының оң қабақ танытуына байланысты болып тұр. Яғни, күз айларындағы әрбір күніміз неғұрлым жауын-шашынсыз, жаймашуақты болған сайын қамбамыз астыққа тола түсетіні сөзсіз, - деді ол өз сөзінде. 
 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар