Ресей әскерінің 92 пайызы Украинада екені хабарланды

/image/2022/03/05/crop-9_8_336x607_c7ead35e-f0e3-41a6-bde3-240a0f257e2c.jpeg

АҚШ қорғаныс саласының жоғары лауазымды шенеунігі Ресейдің Украинаға басып кіруінің тоғызыншы күніндегі негізгі оқиғаларды Пентагон қалай бағалайтыны туралы журналистермен брифинг өткізді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ресейдің басқыншылық соғысы басталғаннан бері Мәскеу 500-ден астам зымыран атқаны, Ресейдің әскери күштерінің 92%-ы қазір Украинада екені айтылды.

Киевтің солтүстігіне жақындап келе жатқан Ресей негізгі күштеріне қалаға жетуге 25 км қалған.

Ресей әскерлері Чернигов пен Харьков қала орталықтарынан 10 шақырымдай жерде.

Оңтүстікте Ресейдің бақылауына өткен Херсонда шайқастар әлі де жалғасуда.

Қазір Одессаның солтүстік-шығысындағы Николаевтің ішінде шайқас жүріп жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар