Путин жалған ақпарат таратты деп танылғандарды 15 жылға соттайтын заңға қол қойды

/image/2022/03/05/crop-6_6_376x608_d62288f1-25e2-460f-8aa4-30d9ca66f1d3.jpeg

Ресей президенті Владимир Путин елдің қарулы күштері туралы "жалған" ақпарат таратқандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасына қол қойды.

Бейсенбі күні заң жобасын ресейлік депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Кремль Украина басып кіруін "арнайы әскери операция" деп атап, Мәскеудің әрекетін "басқыншылық" немесе "соғыс" деп сипаттаған тәуелсіз ресейлік БАҚ-ты қудалаған. Олардың кейбірі жабылуға мәжбүр болды.

Путин сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар енгізуге шақырғандарға айыппұл салуға немесе түрмеге қамауға мүмкіндік беретін тағы бір заң жобасына қол қойды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар