Тоқаев президент туыстарын саяси лауазым атқаруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды

/image/2022/03/16/crop-190_97_2256x4011_d0c0979046d9f48138b834641d41a7a9.jpg

Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы өтіп жатыр. Жолдау барысында Тоқаев суперпрезиденттік жүйеден бас тартып, президенттің партияға мүшелік мәселесін өзгертуді көтерді.

Тоқаев ұсыныстары:

♦ Президенттің партияға мүше болуына заң жүзінде тыйым салу;

♦ Орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен мүшелері, есеп комитеті, конституциялық кеңес мүшелері партия құрамынан шығуға тиіс;

♦ Әкімдерге партия филиалдарын басқаруға тыйым салу;

♦ Президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдар мен квазимемлекеттік құрылымдарды басқаруға тыйым салынуға тиіс. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар