Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен келісілген митинг басталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның негізгі мақсаты – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасына қолдау білдіру.
Ғылым Академиясы ғимаратының маңына шағын сахна қойылған, транспараттар ұстаған жастардың қарасы көп.
Митингте мінберге шығып сөз сөйлегендердің қатарында «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, мәжілістің, қалалық мәслихаттың депутаттары және партия белсенділері бар.
– Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз – көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз! Басқа партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істейміз! Ардақты ағайын, Абай атамыздан қалған аманат сөз бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан, күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Біз біргеміз!, – деді Асхат Оралов.
Митинг жалғасып жатыр.
Пікір қалдыру