"Ядролық қару". "Путин өзі аман қалмайды". "Бұл қауіпті". Украинадағы соғыстан соңғы жаңалықтар

/image/2022/03/23/crop-6_2_329x624_sec_95001752.jpeg

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Украинадағы әскери мақсаттарының ешқайсысына әлі қол жеткізе алмағанын мойындады және Мәскеудің ядролық қару қолдану мүмкіндігін жоққа шығарудан бас тартты.

CNN арнасының тілшісі Кристиан Аманпурға ағылшын тілінде берген сұхбатында Песков Ресей "экзистенциалды қауіп" деп санайтын жағдайларға қарсы Кремльдің ядролық қару қолдану мүмкіндігін жоққа шығарудан бірнеше рет бас тартты.

"Путин Ресейдің ядролық мүмкіндігін қандай жағдайда пайдаланады?" деген сұраққа Песков "Егер бұл біздің ел үшін экзистенциалды қауіп болса, солай болуы (ядролық қаруды қолдануы) мүмкін" деп жауап берді.

Путин бұған дейін ядролық қаруды Ресейге қауіп төндіретін елдерге қарсы қолданатынын айтқан болатын.

Ресей президенті ақпан айындағы мәлімдемесінде "Біздің жолымызға кім кедергі жасаса, еліміз бен халқымызға қауіп төндірсе, олар Ресей дереу жауап беретінін және оның салдары болатынын білуі керек. Бүкіл тарихта ешқашан көрмегендей салдар болады" деген.

Ресей әскерлері Украинаға басып кіргеннен бірнеше күн өткен соң Путин елдің стратегиялық ядролық күштерін жоғары дайындыққа қойғанын мәлімдеді.

Ал, Пентагон Кремль баспасөз хатшысының Украинадағы қақтығыс кезінде ядролық қаруды қолданудан бас тартуын айыптады. Ресей ядролық оқтұмсықтың ең көп қорына ие.

Пентагон өкілі Джон Кирби Мәскеудің ядролық қаруды қолдану ықтималдығы туралы риторикасын "қауіпті" деп атады.

"Біз мұны күн сайын мүмкіндігінше қадағалаймыз" деп қосты ол.

АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Леон Панетта да Песковтың сөздерін сынға алды.

"Ашығын айтқанда, Ресейге қандай да бір түрде қауіп төніп тұр деген өте жалған тұжырым. Менің ойымша, кем дегенде, Ресейдің бұл мүмкіндікті қарастырып жатқаны алаңдаушылық тудырады. Мен мұның болатын, болмайтынын білмеймін. Путин әлі де АҚШ-тың қалай жауап беретіні туралы алаңдауы керек және ол өзінің аман қалу, қалмауы туралы алаңдауы керек деп ойлаймын" деді Панетта.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар