"Ресейді қымбатшылық, Украинаны кедейшілік жайлайды". Украинадағы жағдай бойынша ақпарат

/image/2022/04/11/crop-6_4_255x453_c70bca18-b111-42dc-9a63-586754023269.jpg

Украинаның бас штабы 24 ақпаннан бері мерт болған, жараланған Ресей әскерінің саны 19 мыңнан асатынын мәлім етті. Бұдан бөлек Ресейдің әскери шығыны 725 танк, 1923 әскери көлік, 347 артиллериялық жүйе, 154 ұшақ, 137 тік ұшақ, 7 кемені құрайды. Украинадағы жағдайға байланысты бұдан өзге маңызды ақпараттар жиынтығы төменде ұсынылып отыр.

♦ Ресей қорғаныс министрлігі Украинада 78 әскер нысанның, Украинаға Еуропа елдерінің бірі берген төрт С-300 зымыран кешенінің көзі жойылғанын мәлім етті;

♦ Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға жасаған сапарында Лондон Киевке қосымша 120 бронотехника мен кемеге қарсы зымыран жүйесін жіберетінін жеткізді;

♦ Украина бас прокуроры Киев облысында 1200-ден аса адамның денесі табылғанын хабарлады. Ресейдің Киев облысына басқыншылығынан келген адам шығыны мұнымен бітпеуі мүмкін. Бузовая елдімекенінде ондаған жергілікті тұрғын бір жерге көмілгені белгілі болды. Украина билігі әскери қылмыс дерегі бойынша 5600 іс ашқан. Ресей билігі бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру деректерін жоққа шығарады;

♦ Президент Владимир Зеленский Ресей елдің шығысына үлкен ауқымды ұрыстар жоспарлап отырғанын ескертті;

♦ Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясынан кейін Финляндия мен Швеция НАТО-ға осы жазда мүше атануы мүмкін екені туралы хабарланды. Егер жоспар жүзеге асса, Финляндия НАТО елдері арасында Ресеймен шекарасы ең ұзақ (1340 км) елге айналады. Шекара Ресейдің ірі қаласы Санкт-Петербургтен 200 шақырым жерде жатыр. Аталған ел қырғи-қабақ соғысы кезінде де КСРО-мен достық нейтралитетін берік ұстанған. Ал Швеция 200 жылдан астам уақыт ешқандай әскери одаққа қосылмаған. Енді міне, Ресей Украинаға соғыс ашқалы екі ел де жедел түрде НАТО альянсына өтуге асығып отыр.

♦ "Шекарасыз дәрігерлер" эвакуациялық пойызы елдің шығысындағы Краматорск вокзалында 57 адамның өмірін қиған атыстан кейін жараланғандар мен қарт адамдарды эвакуациялауды бастады.
 
♦ Дүниежүзілік банк 2022 жылы Ресейде қымбатшылық 22 пайызға дейін, Украинадағы кедей халықтың үлесі 70 пайызға дейін жететіні, Украинаның ЖІӨ 45 пайызға дейін төмендейтіні туралы болдам жасады.

Дереккөз: ВВС

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар