Назарбаевтың сынынан кейін қызметінен кеткен Дүйсенованы Тоқаев бұрынғы орнына қайта отырғызды

/image/2022/04/11/crop-7_8_436x774_photo_319563.jpeg

Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын" делінген президент жарлығында.

Тамара Дүйсенова бұған дейін аталған министрлікті 2013-2014 жылдары және 2017-2018 жылдары екі мәрте басқарған. Ол екінші рет министр болып тұрғанда 2018 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "өзін-өзі жұмыспен қамтыған халыққа қатысты реформаны жүзеге асыра алмадың" деген сынынан кейін қызметінен кеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар