"Украиндерге рух беріп, ресейліктердің жігерін жасытады". Қуатты "Москва" әскери кемесіне не болды?

/image/2022/04/14/crop-8_7_334x607_05e42896-c493-4c17-9371-db1f89303c95.jpeg

Ресей Қара теңіздегі "Москва" әскери кемесінің оқ-дәрілері жарылып, өрттен қатты зақымданғанын хабарлады. Ал Украина шенеуніктері кемеге екі зымыран тигенін айтады, бірақ бұл әлі расталған жоқ.

Украинаның Киевтегі Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Николай Биелиесков әскери кемедегі жағдай моралдық қолдаудың өте күшті психологиялық құралы екенін айтады.

Биелиесков Украина үкіметіне әскери мәселелер бойынша кеңес береді. Оның сөзінше, кеменің өртенуі Ресейдің Қара теңіз флоты үшін соғыс шығыны ғана емес, моральдық жағынан да үлкен соққы.

– Ал екінші жағынан, бұл – Украина жаққа өте күшті рух береді, – дейді ол.

АҚШ Әскери-теңіз колледжі жанындағы Ресей теңіз зерттеулер институтының директоры, профессор Майкл Петерсен BBC-ге қарасты "Radio 4" арнасының "Today" бағдарламасына ресейлік "Москва" кемесі қатты зақымданғаны туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, нақты не болғанын білуге ​​әлі ерте. Дегенмен "шынымен де украиндер теңізде кішігірім жеңіске қол жеткізгенге ұқсайды" дейді ол.

– Менің ойымша, бұл символдық және әскери құндылыққа ие, – деп түсіндіреді Петерсен.

Оның айтуынша, әскери кеме Қара теңіздегі ресейлік теңіз күштерінің символы.

Петерсеннің сөзінше, 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялаған кезде украиндердің әскери-теңіз күштерінің көп бөлігін ресейліктер шығынға батырған.

– Сондықтан бұл жолғы оқиға символдық тұрғыдан маңызды, өйткені осыдан кейін украиндер ресейлік әскери күштерге қарсы рухтанып қарсыласады. Ал Мәскеуге бұл жағдайкерісінше әсер етеді. Менің ойымша, бұл – Ресей флотын қайта ойлануға мәжбүр етеді, – дейді Петерсен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар