Соңғы күндері Ресей Киев маңындағы бірқатар жеңілістерден кейін Украина астанасынан әскерін шығарып, ұрыс қимылдарын шығыс Украинаға қарай аударды. BBC Ресейдің Донбас аймағына қарай ығысуы ұзаққа созылған қақтығысты білдіруі мүмкін екенін хабарлады.
Путин Донбасс туралы айтқанда, Украинаның көмір мен болат өндіретін ескі аймағы деп меңзеп отыр. Оның шын мақсаты – оңтүстіктегі Мариупольдің сыртынан солтүстік шекараға дейін созылатын екі үлкен шығыс облысты, Луганск пен Донецкті тұтастыру.
НАТО ресейлік күштер Донецктің оңтүстік жағалауымен Қырымға апаратын құрлық көпірін құруға тырысады деп болжайды.
Корольдік Біріккен Қызметтер Институтының қызметкері Сэм Крэнни-Эванс: "Ең бастысы, Кремль оны (Донбассты - ред) Украинадан гөрі Ресейдің орыстілді бөлігі ретінде анықтап отыр" дейді.
Ресей күштері Украинаның шығысына гуманитарлық апат әкеліп, Мариупольді қирандыға айналдырды, бірақ олар Украина әскерін жеңіліске ұшырата алмады.
Ресейдің қайта шабуылға дайындалып жатқанына байланысты Украина президенті Владимир Зеленский "Біз әр бір сүйем жеріміз үшін күресеміз" деп ант ете жауап қатты.
Пікір қалдыру