Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның астанасы Киевке зымырандық соққылар жасағанын мәлім етті.
Мәскеу Украинаны Ресейде теракт ұйымдастырды деп кек алу мақсатында шабуылдарды күшейетінін ескертті.
Ресей қанатты зымырандары Киевтегі әуе қорғанысы жүйелері мен кемеге қарсы зымырандар шығаратын зауытқа түнде соққы бергенін айтты.
"Зауыттың ұзақ және орта қашықтыққа ұшатын зениттік-зымырандық кешендері, сондай-ақ кемеге қарсы зымырандар шығаратын және жөндеуге арналған шеберханалары жойылды" делінген министрліктің Telegram-каналында жариялаған мәлімдемесінде.
Бейсенбіде Мәскеу Украинаны "Ресейдің бірнеше қаласына шабуыл жасау үшін шекарадан тікұшақ жіберді" деп айыптаған.
Пікір қалдыру