Reuters: Ресей күштері Украинаның бірнеше қаласын бомбалауы салдарынан 17 адам қаза тапты

/image/2022/04/19/crop-5_4_340x609_6a6091f7-7c55-4f7a-aa4d-7a2c17d65148.jpeg

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Донбасс аймағындағы ауқымды шабуылы жалғасып жатқанын айтты.

Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы бұған дейін Мәскеу Донецк, Луганск және Харьков облыстарында қорғанысты бұзып өтуге әрекеттенгенін мәлім еткен.

Reuters ақпарат агенттігі Ресей күштері Украинаның бірнеше қаласын бомбалауынан кемінде 17 адам қаза тапқаны хабарлады.

Осы уақытқа дейін шабуылдан негізінен аман қалған батыстағы Львов қаласына бірнеше зымыран тиіп, жеті адам қаза тапты.

БҰҰ-ның хабарлауынша, соғыс салдарынан 4,9 миллионнан астам украиналық елден босып кеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар