Корольдік институттың біріккен қызметіне қарасты қорғаныс және қауіпсіздік сараптама орталығының өкілі Джек Уотлинг Кремль 9 мамырда Мәскеуде өтетін әскери парадқа орай Украинаның Донбасс аймағын басып алу жоспарын жүзеге асыруы мүмкін, бірақ оған толық сенім жоқ екенін мәлім етті. Сарапшының сөздерін ВВС келдірді.
– Бұл (Донбассты басып алу - ред) – мүмкін, бірақ сенімді түрде айтуға келмейді. Украиндық күштерге Киевті қорғап жатқан көптеген бөлімшелерге шығысқа шақыруға тура келді. Олардың көбі шаршаған, сондықтан ұрыс өте ауыр болады. Украиндықтар бұл басқыншылықтың жолын бөгеу үшін көп шығынға ұшырау қаупінің алдында тұр. Бір жағынан бұл ресейліктерге бір-екі айға кідіріп, күшін қалпына келтіру алындағы соңғы серпіліс болуы да ықтимал, – дейді сарапшық.
Оның айтуынша, 9 мамыр датасының маңызы өзгерген.
– 9 мамыр жеңісті жариялау датасы болудан қалды, енді олар датаны жиналып, анағұрлым аудымды әрекетті жариялау үшін қолданатын болыды, – деді Доктор Джек Уотлинг.
Украина басштабы Ресей күштері Донбассты толық бақылауына алуға барын салып жатқанын мәлімдеген. Әзірге басқыншылар Луганск облысындағы Кременная және тағы бір шағын қаладан ғана өте алғаны хабарланды.
Пікір қалдыру