Ресми ақпарат: Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды

/image/2022/05/29/crop-30_11_685x1217_7442c2a9-09ac-4a7f-b1f6-8f11f82bc1f3.webp

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны ресми түрде расталды.

"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға  146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.

2022 жылғы 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды" делінген антикор ақпаратында.

Бұған дейін Ұлттық музей директоры жоғарыда аталған айып бойынша күдікке ілінгені, өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат шыққан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар