Азаттық радиосы қаңтар оқиғасына байланысты арнайы жобаны таныстырды

/image/2022/06/02/crop-10_1_564x1003_08de0000-0a00-0242-93aa-08da43abd5c3_w1023_r1_s.webp

1 маусымда Азаттық радиосы Қаңтар құрбандарына арналған арнайы жобаны таныстырды. Ол жерде 5-8 қаңтар күндері Қазақстан қалаларында оққа ұшқан немесе сол кезде алған жарақаттан қайтыс болғандар жайлы ақпараттар топтастырылған.

"Қанды қаңтар құрбандары" деп аталатын арнайы жобада қазір 188 адамның аты-жөні бар. Ондағы арнайы категориялар арқылы құрбандардың жасы, оқиға орны, өлімінің себептері және өзге ақпаратты іріктеп оқуға да болады. Басылым жоба қаза болғандардың туыстары мен куәлердің баяндаулары арқылы қайғылы оқиғаның ауқымын ұғынуға мүмкіндік беретінін жазады.

– Жаңа Қазақстан тарихында Қаңтар қасіреті сияқты мұндай деңгейдегі ауыр қылмыс, ауыр оқиға, үлкен сынақ қазақ халқының басында болған емес. Азаттықтың сіздерді осы шараға шақыруының басты себебі – оқиғадан қаза болған 238 адамның тізімін жасауға талпындық. Билік мұны жариялаған жоқ. Бес ай бойы біз Қазақстандағы тәуелсіз, азат медианың өкілі ретінде осы азаматтарды іздедік, қаза болғандардың аты-жөнін түгендедік, көпшілігімен сөйлестік. Көпшілігінің үйіне бардық, артындағы жесірін, жылап қалған жетімімен тікелей тілдестік. Бұл әрекетке журналистік парызымызбен, өзіміңздің міндетімізбен бардық. Бұл жұмыс енді ғана басталды деуге болады, – деді Азаттықтың Алматы бюросы жетекшісінің міндетін орындаушы Қасым Аманжол жобаны таныстыру іс-шарасында.

Шараға Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай, Орталық Азия аймағы бойынша директор Хамид Исмаилов, Азаттықтың Қазақ қызметінің директоры Торокул Дооров және қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза болғандардың туыстары, азаптауға ұшырағандар, құқық қорғаушылар, журналистер мен белсенділер қатысқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар