Мәжіліс депутаты: Конституция кез-келген мемлекеттің іргетасы

/image/2022/06/02/crop-32_81_697x1239_whatsapp-image-2022-05-20-at-19.40.11.jpeg

Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Мәди Ахметов Алматы қаласындағы еліміздегі жетекші жоғарғы оқу орындардың бірі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұжымымен және  студенттерімен кездесті.

Онда депутаттар Конституцияға енгізілген түзетулер туралы жан-жақты түсіндірді.

– Конституция кез келген мемлекеттің іргетасы. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Өз кезегінде партия мүшелері әрбір қазақстандықтың алдында маңызды шешім қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.

– Қазір еліміздің барлық өңірлері мен елді мекендерінде мемлекетіміздің басты құжатына түзетулер енгізуге қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз алматылық жастармен кездесуде олардың референдумға деген қызығушылығы жоғары екенін байқадық. Себебі, іс-шараларда көптеген өзекті тақырыптар көтеріліп, студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ел Президенті ұсынған негізгі реформалар олардың қоғамдық-саяси болашағына деген сенімін нығайтуда, – деді депутат Мәди Ахметов.

Фото: «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы

Кездесу соңында қатысушылардың көпшілігі конституциялық түзетулер жобасы бойынша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі бірлігімізді арттырады деген ортақ пікірге келді.

«AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының ақпараты бойынша

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар