2022 жылғы 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында әкімдікте үй кезегінде тұрғандар арасында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылданады. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өтініштер otbasybank.kz платформасында қабылданады. Бағдарламаға төмендегідей санаттар бойынша әкімдік кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады:
- көп балалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі тиіс).
Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие мөлшерлемесі – жылына 2 пайызды, алғашқы жарна – несие көлемінің 10 пайызын, несие мерзімі – 20 жылға дейінгі мерзімді құрайды
Қатысушыға жергілікті әкімдіктер арқылы салынған несиелік тұрғын үйді немесе алғашқы, екінші нарықтағы кез келген басқа тұрғын үй сатып алуға болады. Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және қала жанындағы аудандарда, Шымкент, Ақтау, Атырауда 15 миллион теңгеге, басқа өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы тиіс.
Пікір қалдыру