Алматы облысында мемлекеттік мекеме басшысы сотталды

/image/2022/06/06/crop-2_-4_407x724_6084927c59199590689264.jpg

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі.

"Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен "АСПМК-519" ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды" делінген хабарламада.

Тергеу жұмыстарының мәліметтеріне сүйенсек, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС-нің техникалық директоры мен бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстың аяқталғаны туралы актіге қол қоюға көмек көрсеткені үшін 33 500 доллар көлемінде пара алған. 

ЖШС басшылығына қатысты 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған. Разбековке 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ ол, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар