Қостанай облысында лауазымды тұлғалар адам саудасына күдікті деп танылған

/image/2022/06/07/crop-24_19_483x858_bbfeb1af-694a-40a8-9ed4-e9a8406ca5b5.jpeg

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлім етті.

"Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде. Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады" делінген ақпараттық хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар