Күзде президент сайлауы өте ме? Назарбаевтың айрықша статусы сақтала ма? Әшімбаев жауап берді

/image/2022/06/09/crop-15_52_490x871_6-2.jpg
 
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев күзде президент сайлауы өтуі мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы informburo.kz сайды жазды.
 
 
– Бұл – өсек, басқа ештеңе де емес, – деген ол назарды қазір сайлауға емес, реформаларға аудару керектігін айтты.
 

Сондай-ақ журналистер сенат спикерінен экс-президенттің статусы мен оның иммунитеті туралы заңға өзгеріс ене ме деп сұрады.

 

– Мұндай мәселелер конституция арқылы реттелген. Елбасы және оның отбасы мүшелері туралы норманы конституциядан алып тастадық. Енді Тұңғыш президент туралы заң күшін жояды. Енді соны заң тұрғысынан рәсімдеуіміз керек, – деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар