Назарбаевты қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады?

/image/2022/06/09/crop-23_22_490x871_ghov6v15936891943134_l.jpg

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қабылданғандықтан, Тұңғыш президент туралы заң күшін жойып, экс-президенттің туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тартуға заң тұрғысынан жол ашылмақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім болды.

 

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев экс-президент ретінде әлі де заңмен қорғалған. Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың сөзінше, президент туралы конституциялық заңның 36-бабына сай, экс-президенттер өзінің президенттік мерзімі кезінде қабылдаған шешімдері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

 

Экс-президенттер тек отанға опасыздық жасады деп күдікке ілінсе ғана, сотталуы мүмкін.

Алма Мұқанова журналистердің экс-президенттер мерзімі кезінде қызметін асыра пайдаланған, жемқорлықпен айналысқан болса, қалай болады деген сауалына құзырлы органдардан нақты ақпаратты алып барып жауап беру керек деді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар