"Шекарасыз репортерлер" ұйымы: Ресей әскері украиналық фотограф Максим Левинді өлтірген

/image/2022/06/23/crop-26_6_417x741_093007100600.png

Украиналық фотограф Максим Левин мен оның қасындағы украиналық сарбаз Алексей Чернышовты Ресей әскері өлтірді. "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы (RSF – ред) тергеу нәтижесінде "Ресей әскері оларды азаптағаннан кейін өлтірген" деп тұжырым жасаған.

Тергеушілер Левин мен Чернышовтің денелері табылған Киев қаласындағы орманға барып, фотосуреттер мен тәркіленген заттай дәлелдемелерді талдаған. Журналистің көлігіне 14 оқ атылғаны анықталды. 

13 наурызда Левин мен Чернышов автокөлікпен орманға барған. Олар Левиннің жоғалған дронын іздеп жүрген кезде ресейлік әскердің көзіне түседі. 

Тергеушілер Ресей әскері Левин мен Чернышовті украиналық сарбаздар деп ойлап, оқ атқан болуы мүмкін деп отыр. Ресейлік сарбаздар Левин мен Чернышовтен мәлімет алу үшін азаптап, содан соң өлтірген деген де нұсқа бар.  

Журналист қаза тапқан жерде Ресей әскери күштерінің заттары: армия рационының өнімдері мен пластикалық ыдыс-аяқтардың қалдықтары, сондай-ақ артиллерияға арналған ресейлік әскери нұсқаулар табылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар