Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын" делінген өкім мәтінінде.
Әдетте жазда шақырылатын бірлескен отырыс күн тәртібіне парламенттің бірінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы мәселе шығарылады.
Пікір қалдыру