Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер статусын алды

/image/2022/06/24/crop-9_7_343x610_630_360_1611858421-534.jpg
Еуропа одағы саммиті Украина мен Молдоваға Еуро одаққа үміткер статусын беру туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель мәлім етті.
 
"Еуроодақ қазір ғана Украина мен Молдованы ЕО-ға үміткер статусына байланысты шешім қабылдады. Бұл – тарихи сәт. Бүгінгі күн сіздердің ЕО-ға бастар жолдағы шешуші қадам болып отыр. Владимир Зеленский мен Майя Сандуды, сондай-ақ Украина мен Молдова халқын құттықтаймын" делінген Шарль Мишельдің Twitter жазбасында.
 
Сондай-ақ ол Еурокеңес Грузияның еуропаға ұмтылысын мойындайтынын, бірқатар талаптар орындалған соң оған да кандидат статусын беруге әзір екенін жеткізді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар