Ресейдің Рязань қаласында Ил-76 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.
Ұшақта болған 9 адамның 3-еуі қаза тауып, 6 адам ауыр жарақат алған. Орынбордан Белгородқа шыққан Ил-76 ұшағына Рязань қаласында жанармай құю керек болған. Құлаған ұшақ өртеніп, бірақ жылдам сөзндірілген.
"24 маусымда Ил-76 әскери ұшағы Рязань аймағына қонды. Жүксіз оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде қозғалтқышта ақау анықталған. Кейін қону туралы шешім қабылданды. Алайда жерге жақындағанда ұшақ істен шығып, жартылай құлады", деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрлігі.
Пікір қалдыру