4 жыл ішінде "Samruk-Kazyna Trust" ШҚО 1 миллиард теңгенің жобасын инвестициялады

/image/2022/07/04/crop-28_13_697x1239_whatsapp-image-2022-06-15-at-16.25.58.jpeg

2022 жылғы 15 маусымда "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен, жастармен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті.

"Samruk-Kazyna Trust" қоры-Қазақстандағы қайырымдылық саласындағы ірі донорлардың бірі. Қор жобаларды еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырады. Өскемен қаласындағы кездесу жергілікті Үкіметтік емес ұйым өкілдерін өзара бірлесе жұмыс атқаруға, ынтымақтастықты арттыруға бағытталып отыр.

Үкіметтік емес ұйымдар қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешетін өз жобаларына бастамашы бола алады, ал қор тұрақты, жүйелі түрде қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

«Біз бұл кездесуді өңірлік Үкіметтік емес ұйымға жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Біз елдің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін жақсарту туралы қызықты идеяларды күтеміз. Біздің қор азаматтық секторды өзінің шағын бастамаларын кеңейтуге шабыттандыруға тырысады. Мысалы, шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс үшін, тіпті бүкіл ел үшін игі іс болуы мүмкін. Біз Шығыс Қазақстан облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз» деді "Samruk-Kazyna Trust" Бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров.

Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері қазірдің өзінде іске асып жатқан жобалар туралы айтып өтті. 4 жыл ішінде "Samruk-Kazyna Trust" ШҚО-да жалпы соммасы 1 млрд теңгеге 13 әлеуметтік жоба іске асырыпты. Мәселен облыста 6 әмбебап балалар спорт алаңын орнатты, Өскемен қаласы № 8 орта мектеп базасында инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығын ашты, «Қамқорлық» жобасы аясында Өскемен қаласының «Ана мен бала орталығы» базасында дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған оңалту орталығын жөндеп, жабдықтады, сондай-ақ 4 өкпені жасанды желдету аппараты, 30 концентратор және 60 пульсоксиметр, 5 санитарлық машинаны қор қаржысына алып берген екен.

Қазір қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға әзір екенін аталған кездесуде мәлімдеп өтті. Демек үкіметтік емес ұйым өкілдері, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларына қатысу үшін, өздерінің өтінімдерін www.sk-trust.kz. «Серіктес болу» бөліміне жіберуге және қордың call-орталығына +7 (7172) 57-68-98 көрсетілген номер арқылы  хабарласып,  толық ақпарат алуға болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар