"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Алдағы күндердің ауа райы болжамы

/image/2022/07/04/crop-14_18_661x1174_image.jpg

Қазгидромет алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірлеріне Оңтүстік циклон әсер етіп, ауа райы тұрақсыз болатынын мәлім етті.

6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіліп отыр, бұршақ жаууы мүмкін. 7 шілдеде елдің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынның тоқтауы ықтимал.

Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін деп болжанып отыр.

Маңғыстау облысында +23+28°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31°с, елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С ыстық болады деп күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +30+37°С-тан +25+33°С-қа дейін төмендеуі, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С, таулы аудандарда +23°С болады деп болжанып отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар